Жарияланды: 390

Елдің басым аумағында жаңбыр, найзағай және күшті желдер күтілуде

«Қазгидрометтің» болжауынша бүгін Қазақстанның бірқатар аумағы атмосфералық ағындармен байланысты циклонның ықпалында болады.

Ауа райы - жаңбырлы, найзағай ойнап, күшті жел тұрады, кей өңірлерде бұршақ түсуі ықтимал. Антициклон тарамдарының әсерінде болатын - республиканың батыс бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Мәселен, Ақмола, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Павлодар, күндіз Алматы, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 15-22 м/с жылдамдықта жел соғады. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында секундына 15-22 метр екпінде жел соғады, бұршақ жаууы ықтимал. Ал Қызылорда облысында 15-20 м/с күшпен жел соғып, шаңды дауыл тұрады. Маңғыстау облысының жекелеген жерлерінде жел тұрып, оның екпіні секундына 15-20 метрді құрайтын болады, күндіз және түнде сулы нысандардың жағалауын тұман басуы ықтимал. Сондай-ақ синоптиктердің болжауынша, жұма күні республиканың батысында және оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть