Елдің басым аумағында жауын-шашынды, солтүстікте нөсер
«Қазгидрометтің» болжауынша бүгін Қазақстанның басым аумағының ауа райына әсер ететін - атмосфералық ағындар өзімен бірге жауын-шашындар алып келеді. |
Солтүстікте жаңбыр қатты болады, бұршақ түсуі де ықтимал. Сондай-ақ, найзағай ойнап, күшті желдер тұрады. Ал антициклон тарамдарының әсерінде болатын елдің батысында ауа райы - жауын-шашынсыз.
Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұршақ жауады, 17-22 м/с екпінде жел соғады.
Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Қарағанды және Қызылорда облыстарында секундына 15-22 метр жылдамдықта жел тұрады.
Маңғыстау облысында түнде және таңертең өзен жағалауларын тұман басады. Ал Оңтүстік Қазақстан облысының жекелеген өңірлерінде 15-20 м/с күшпен жел соғып, шаң көтеріледі.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін