Елдің басым аумағында жауын-шашынды, солтүстікте нөсер - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елдің басым аумағында жауын-шашынды, солтүстікте нөсер

Елдің басым аумағында жауын-шашынды, солтүстікте нөсер

«Қазгидрометтің» болжауынша бүгін Қазақстанның басым аумағының ауа райына әсер ететін - атмосфералық ағындар өзімен бірге жауын-шашындар алып келеді.

  • 31 Мамыр 2011
  • 413
Фото - Caravan.kz

Солтүстікте жаңбыр қатты болады, бұршақ түсуі де ықтимал. Сондай-ақ, найзағай ойнап, күшті желдер тұрады. Ал антициклон тарамдарының әсерінде болатын елдің батысында ауа райы — жауын-шашынсыз.

Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұршақ жауады, 17-22 м/с екпінде жел соғады.

Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Қарағанды және Қызылорда облыстарында секундына 15-22 метр жылдамдықта жел тұрады.

Маңғыстау облысында түнде және таңертең өзен жағалауларын тұман басады. Ал Оңтүстік Қазақстан облысының жекелеген өңірлерінде 15-20 м/с күшпен жел соғып, шаң көтеріледі.

Соңғы жаңалықтар