Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын мен тұман болады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Жетісу облысының таулы аудандарында кей уақыттарда нөсер жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың таулы аудандарында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында 15-20, екпіні 25 м/с болады.
Жетісу облысының таулы аудандарында кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол жауады. Облыстың таулы аудандарында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында 15-20, екпіні 25 м/с-ке жетеді.
Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында көктайғақ болады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол түседі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні — 15-20 м/с.
Атырау облысының шығысында, орталығында нөсер жаңбыр жауады. Таңертең және күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.
Қызылорда облысының орталығында тұман түседі.
Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде көктайғақ, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.
Ақмола облысының
батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с болады.
Алматы облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол жауады. Облыстың таулы, тау бөктеріндегі аудандарында кей уақытта тұман. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, облыстың оңтүстік жартысында екпіні 18-23 м/с болады.
Алматыда түнде және таңертең тұман түседі.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с-ке жетеді.
Астанада түнде және таңертең тұман түседі.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында күші 15-20, түнде екпіні 23 м/с-ке дейін жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман. Батыстан жел соғады облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с болады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында жауын-шашынды (жаңбыр, қар) болады. Облыстың таулы аудандарында тұман түседі