Елдің халықаралық резервтері мамырда 7 %-ке өсіп 6728,8 млн. доллар болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елдің халықаралық резервтері мамырда 7 %-ке өсіп 6728,8 млн. доллар болды

Елдің халықаралық резервтері мамырда 7 %-ке өсіп 6728,8 млн. доллар болды

Маусымның бірінші жартысында елдің халықаралық резервтері 5,0%-ке өсіп, 7063,8 млн. долларға жетті. Соның ішінде Ұлттық қордың ақшасы 2274,3 млн. долларды құрады. Бұл туралы бүгін, 18-маусымда Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында Ұлттық банк басқармаларының төрағасы Григорий Марченко хабарлады.

  • 18 Маусым 2003
  • 410
Фото - Caravan.kz

Ұлттық банктің таза халықаралық резервтері 2003-жылғы мамырда ағымдағы бағалармен 9,5%-ке өсіп, 4451,1 млн. доларға жетті. Жыл басынан бері бұл көрсеткіш 41,8 % құрайды.

Елдің халықаралық резервтері , тұтастай алғанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ақшасын қосқанда (алдын-ала деректер бойынша -2271,9 млн. долл. ) мамырда 7 %-ке өсіп 6728,8 млн. доллар болды, жыл басынан бері резерв көлемі
33%-ке өсті.
Айналыстағы қолма-қол ақша мамыр айында 4,4%-ке өсіп, 174,3 млрд. теңгеге дейін жетті. Ал банк жүйесіндегі депозиттер 4,5%-ке көбейіп, 679,1 млрд. теңгеге жетті.

Соңғы жаңалықтар