Елдің халықаралық резервтері қазан айының басынан бері 2,3%-ға төмендеді (толық нұсқасы) - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елдің халықаралық резервтері қазан айының басынан бері 2,3%-ға төмендеді (толық нұсқасы)

Елдің халықаралық резервтері қазан айының басынан бері 2,3%-ға төмендеді (толық нұсқасы)

Алматы. 21 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Тұтастай алғанда елдің халықаралық резервтері (ағымдағы бағамен), Ұлттық қордың ақшасын қосқанда (алдын ала деректер бойынша 27 416,2 млн. АҚШ долл.) қазан айының басынан бері 2,3%-ға, 48 391,2 млн. АҚШ долларға дейін төмендеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 21 Қазан 2008
  • 438
Фото - Caravan.kz

2008 жылғы қыркүйекте ақша базасының 0,2%-ға 1 754,9 млрд. теңгеге дейін кеңеюіне Ұлттық банктің таза халықаралық резервтерінің өсуі ықпал етті (жыл басынан бастап 19,9%-ға кеңею).

Тар ақша базасы, яғни екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банктегі мерзімді депозиттерін есептемегендегі ақша базасы 4,5%-ға кеңейіп, 1 546,6 млрд. теңгеге (жыл басынан бастап — кеңеюі 6,4%) дейін жетті.

2008 жылғы қазанның бірінші жартысында Ұлттық банктің халықаралық резервтері 4,5% (немесе 977,7 млн. АҚШ долл.) төмендеді.

Ішкі валюта нарығында валюта сату бойынша операциялар, екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі шетел валютасындағы корреспонденттік шоттарындағы қалдықтардың төмендеуі, үкіметтің сыртқы борышына қызмет көрсету үкіметтің Ұлттық банктегі шоттарына валютаның түсуімен ішінара бейтараптандырылды.

Нәтижесінде, таза валюта қорлары (СКВ) 915,3 млн. АҚШ долл., алтындағы активтер оның әлемдік нарықтардағы бағасының 3,1% төмендеуі нәтижесінде 62,4 млн. АҚШ долларына төмендеді.

Ұлттық банктің таза халықаралық резервтерінің төмендеуі 2008 жылғы қазанның бірінші жартысында ақша базасының 3,9%-ға (немесе 68,2 млрд. теңгеге) сығымдалуына себепші болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар