Елдің халықаралық резервтері қазанда 4,4% азайды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елдің халықаралық резервтері қазанда 4,4% азайды

Елдің халықаралық резервтері қазанда 4,4% азайды

Алматы. 5 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Елдің халықаралық резервтері қазанда 4,4% азайды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 5 Қараша 2008
  • 369
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «тұтастай алғанда елдің халықаралық резервтері (ағымдағы бағамен), Ұлттық қордың ақшасын қосқанда (алдын ала деректер бойынша 26 326,4 млн. доллар) 47 355,3 млн долларға дейін 4,4% төмендеді».

2008 жылғы қазанда Ұлттық банктің халықаралық резервтері төмендеді.

Ұлттық Банктің таза халықаралық резервтері ағымдағы бағамен 4,2%-ға (немесе 926,8 млн. долл.) төмендеді.

Ішкі валюта нарығында валюта сату бойынша операциялар, екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банктегі шетел валютасындағы корреспонденттік шоттарындағы қалдықтардың төмендеуі, үкіметтің сыртқы борышына қызмет көрсету үкіметтің Ұлттық банктегі шоттарына валютаның түсуімен ішінара бейтараптандырылды.

Нәтижесінде, таза валюта қорлары (СКВ) 685,4 млн долларға азайды, әлемдік нарықтардағы бағасының 11,9% төмендеуі нәтижесінде алтындағы активтер 241,4 млн долларға төмендеді.

Ұлттық банктің таза халықаралық резервтерінің төмендеуі 2008 жылғы қазанда ақша базасының 10,5%-ға (немесе 184,7 млрд. теңгеге) тарылуына себепші болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар