Елдің халықаралық резервтері қыркүйекте 2,5% ұлғайды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елдің халықаралық резервтері қыркүйекте 2,5% ұлғайды

Елдің халықаралық резервтері қыркүйекте 2,5% ұлғайды

Алматы. 3 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Тұтастай алғанда елдің халықаралық резервтері ағымдағы бағамен Ұлттық қордың ақшасын қосқанда (алдын ала деректер бойынша 27 560,8 млн долларға бір айда 2,5% ұлғайып, 49 514,0 млн доллар болды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 3 Қазан 2008
  • 410
Фото - Caravan.kz

2008 жылғы қыркүйекте Ұлттық банктің халықаралық резервтері ұлғайды.

Ұлттық банктің таза халықаралық резервтері ағымдағы бағамен 0,9%-ға (немесе 204,1 млн долларға) өсті.

Ішкі валюта нарығында валюта сатып алу бойынша операциялар, үкіметтің шотына валютаның түсуі, сондай-ақ жүргізілген операциялар нәтижесінде алтындағы активтердің ұлғаюы және оның бағасының әлемдік нарықтарда 5,3%-ға ұлғаюы Ұлттық қордың активтерін толықтыру және үкіметтің сыртқы борышына қызмет көрсету бойынша операциялармен бейтараптандырылды. Бұдан басқа екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банктегі шетел валютасындағы корреспонденттік шоттарындағы қалдықтары төмендеді.

Нәтижесінде, таза валюта қорлары (СКВ) 63,7 млн. долл., алтындағы активтер 140,4 млн долларға ұлғайды.

Ұлттық банктің таза халықаралық резервтерінің өсуі 2008 жылғы қыркүйекте ақша базасының 0,2%-ға (немесе 4,0 млрд. теңгеге) шамалы кеңеюіне себепші болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар