Елдің халықаралық резервтері қыркүйектің бірінші жартысында 0,4% азайды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елдің халықаралық резервтері қыркүйектің бірінші жартысында 0,4% азайды

Елдің халықаралық резервтері қыркүйектің бірінші жартысында 0,4% азайды

Алматы. 17 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Елдің халықаралық резервтері қыркүйектің бірінші жартысында 0,4% азайды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 17 Қыркүйек 2008
  • 477
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, тұтастай алғанда елдің халықаралық резервтері (ағымдағы бағамен), Ұлттық қордың ақшасын қосқанда (алдын-ала деректер бойынша 26 444,6 млн доллар) айдың басынан бері 0,4% азайып, 48 110,2 млн долларды құрады.

2008 жылғы қыркүйектің бірінші жартысында Ұлттық Банктің халықаралық резервтері 0,4%-ға (немесе 79,5 млн долларға) төмендеді.

Ұлттық Банктің халықаралық резервтері төмендеуінің негізгі факторына алтынның әлемдік нарықтардағы бағасының 8,95%-ға төмендеуінің нәтижесінде алтындағы активтердің 168,8 млн. долларға азаюы себепші болды. Бұл ретте екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі шетел валютасындағы корреспонденттік шоттарындағы қалдықтарының төмендеуі және Үкіметтің сыртқы борышына қызмет көрсету бойынша операциялар ішкі валюта нарығында валюта сатып алу бойынша операциялармен және Үкіметтің Ұлттық Банктегі шоттарына валютаның түсуімен бейтараптандырылды, бұл таза валюта қорларының (СКВ) 89,3 млн долларға өсуіне әкелді.

2008 жылғы қыркүйектің бірінші жартысында Ұлттық Банктің таза ішкі активтерінің өсуі ақша базасының 0,8%-ға (немесе 14,7 млрд. теңгеге) кеңеюіне себепші болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар