Жарияланды: 260

Елдің үш аймағында болған өрт салдарынан екі ер адам мен бір бала мерт болды

21 желтоқсан күні сағат 10:18-де Қарағандының Қазыбек би ауданында орналасқан жекеменшік тұрғын үйде өрт болды.

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, жалын сағат 11:08-де толық сөндірілді. Онымен күреске Қарағанды ТЖД өрт сөндіру қызметінің 22 адамы мен 4 техникасы жұмылдырылды. Оқиға орнында 55 жастағы ер адамның жансыз денесі табылды. Қостанай облысының Заречный кентінде 21 желтоқсан күні сағат 13:39-да жекеменшік тұрғын үйде өрт болды. Жалын 4 сағаттан кейін толық сөндірілді. Онымен күреске Қостанай облыстық ТЖД-гі өрт сөндіру қызметінің 15 адамы мен 3 техника бірлігі жұмылдырылды. Оқиға орнында 3 жасар баланың мүрдесі табылды, денесін күйік шалған 29 жастағы әйел ауруханаға жеткізілді. Солтүстік Қазақстан облысындағы Айыртау ауданында жекеменшік тұрғын үйде 21 желтоқсан күні сағат 16:44-те өрт болды. Жалын екі сағаттан кейін толық сөндірілді. Оны ауыздықтауға Солтүстік Қазақстан облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 8 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылды. Оқиға орнында 58 жастағы ер адамның мүрдесі табылды, иіс тиіп уланған 84 жастағы әйел ауруханаға жеткізілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін