Елдің үш аймағында болған өрт салдарынан екі ер адам мен бір бала мерт болды - kaz.caravan.kz
  • $ 518.5
  • 601.62
+31 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елдің үш аймағында болған өрт салдарынан екі ер адам мен бір бала мерт болды

Елдің үш аймағында болған өрт салдарынан екі ер адам мен бір бала мерт болды

21 желтоқсан күні сағат 10:18-де Қарағандының Қазыбек би ауданында орналасқан жекеменшік тұрғын үйде өрт болды.

  • 22 Желтоқсан 2012
  • 244
Фото - Caravan.kz

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, жалын сағат 11:08-де толық сөндірілді. Онымен күреске Қарағанды ТЖД өрт сөндіру қызметінің 22 адамы мен 4 техникасы жұмылдырылды. Оқиға орнында 55 жастағы ер адамның жансыз денесі табылды.

Қостанай облысының Заречный кентінде 21 желтоқсан күні сағат 13:39-да жекеменшік тұрғын үйде өрт болды. Жалын 4 сағаттан кейін толық сөндірілді. Онымен күреске Қостанай облыстық ТЖД-гі өрт сөндіру қызметінің 15 адамы мен 3 техника бірлігі жұмылдырылды.

Оқиға орнында 3 жасар баланың мүрдесі табылды, денесін күйік шалған 29 жастағы әйел ауруханаға жеткізілді.

Солтүстік Қазақстан облысындағы Айыртау ауданында жекеменшік тұрғын үйде 21 желтоқсан күні сағат 16:44-те өрт болды. Жалын екі сағаттан кейін толық сөндірілді. Оны ауыздықтауға Солтүстік Қазақстан облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 8 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылды. Оқиға орнында 58 жастағы ер адамның мүрдесі табылды, иіс тиіп уланған 84 жастағы әйел ауруханаға жеткізілді.