Жарияланды: 360

Елдің үш облысында қар құрсауынан 54 автокөлік пен 100-ден астам адам құтқарылды

15 қаңтар күні сағат 19.50-де Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы, Алматы-Өскемен тас жолының 688-шақырымында

ТЖБ және облыстық ТЖД-ның өртке қарсы қызметінің күшімен 65 адам, соның ішінде 5 бала мен 40 көлік қар құрсауынан шығарылды. Сондай-ақ кеше сағат 20.20-да Жамбыл облысы Жуалы ауданы, Құйық және Шақпақ өткелдерін қоса алғандағы Алматы-Ташкент тас жолының 550-593-шақырымында Жамбыл облысы бойынша ТЖД «Шұғыл құтқару қызметі» ММ-нің күшімен (4 адам мен 2 техника, аудандық ТЖБ-нің 3 адамы мен 1 техникасы) 38 адам, соның ішінде 2 бала және 12 техника оппа қардан шығарылды. Зардап шеккендер жоқ. Кеше Қарағанды облысының Ұлытау ауданында Жезді кентінен 30 шақырым жерде 6 адам мен 2 жеңіл көлік қар тұтқынында қалып қойды. ҚР ТЖМ облыстық ТЖД-нің өртке қарсы қызметі (3 адам мен 1 техника) көліктерді жолдың тазартылған учаскесіне шығарды. ҚР ТЖМ-нан анықтағандай, құтқарылғандардың арасында зардап шеккендер жоқ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін