Елдос Сметовты күтіп алу үшін, Тараз әкімдігі оның үйінің алдына асфальт төсеген - kaz.caravan.kz
  • $ 479.05
  • 534.57
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елдос Сметовты күтіп алу үшін, Тараз әкімдігі оның үйінің алдына асфальт төсеген

Елдос Сметовты күтіп алу үшін, Тараз әкімдігі оның үйінің алдына асфальт төсеген

Париж олимпиаласында алтын алқамен елге оралған Елдос Сметовты күллі қазақ қуана қарсы алды.

  • 6 Тамыз
  • 133
ФОТО: видеодан коллаж

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Әуежайдан бастап құшақ жая қарсы алған Елдосты күткен адам саны өте көп.

Ал, Тараз әкімдігі оның есігінің алдына асфальтке дейін төсеген. Ол туралы желіде видео тарады.

«Көршілері қуанып қалды-ау», Елдостың арқасында бір көше жөнделді», «Жол төсемесе жоғарыдағылар әкімді ұшырып жібереді», «Біздің көшеден қашан чемпион шығады екен», деп жазды оқырмандар.

Айта кетейік, Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев елге оралғаны туралы жазған болатынбыз.