Жарыстар шаңғы-биатлон стадионында өткізілді.
Елена Хрусталева 7,5 шақырымдық қашықтықты 23 минут 21 секундта жүріп өтті, ал оның қарсыласы қытайлық Джалин танг бұл жол кесімін 23 минут 12 секундта өтіп, «алтын» жүлдені иеленді.
Елена Хрусталева, Ресей құрамасының сапында Еуропаның үш дүркін чемпионы, Беларус құрамасының сапында 2002 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы, Қазақстан құрамасының сапында 2007 жылғы Азия ойындарының екі дүркін жүлдегері. Әлем кубогының сатыларында үздік ондықтың қатарына төрт ілікті, оның ішінде 2009 жылғы әлем чемпионатында жеке жарыста алтыншы болып келді. Ванкуверде өткізілген бірінші Олимпиада жарысында (7,5 шақырым) бесінші орынды иеленген. 2010 жылдың 19 ақпанында Ванкуверде өткізілген Олимпиада ойындарында 15 шақырымдық қашықтықта күміс медаль еншіледі.
Өзге қазақстандық спортшы Марина Лебедева қола жүлдені қанжығасына байлады.