Елена Хрусталева жастар үшін шеберлік сабағын өткізбек - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елена Хрусталева жастар үшін шеберлік сабағын өткізбек

Елена Хрусталева жастар үшін шеберлік сабағын өткізбек

Ертең танымал қазақстандық биатлоншы Елена Хрусталева спорттық секция тәрбиелеушілеріне арнап, мастер-класс өткізеді, деп хабарлады Алматы қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасынан.

  • 12 Қараша 2013
  • 405
Фото - Caravan.kz

Аталмыш чемпион дәрісінде тек чемпионның қатысуымен спорттық жаттығулар өтіп қана қоймай, сонымен қатар, спорттық эстафеталар, сұрақ-жауап сессиясы әрі автограф-сессия өтеді.

«Мұндай чемпион дәрісі арқылы танымал спортшылар өскелең ұрпаққа бар білгенін үйретіп, тәжірибесімен бөліседі. Осындай спортшлырадан өнегелі үлгіні көрген жастардың ынталары өсіп, спортпен ерекше құлшыныспен айналысатын болады. Біз бәріміз Сочиге дайындалып жатырмыз. Қысқы спорт түрлерінен құрамамыз қазір бабында. Біреулері жаттығу жиындарында жүрсе, енді біреулері бүгінгі таңда сайысқа қатысып жатыр. Чемпион дәрісі балаларды спортқа балуып қоймай, сонымен қатар, оларды біріктіріп, жаңа чемпиондарды дайындауға септігін тигізіп, жаңа жеңістерге қол жеткізуіне әсер етеді!» — дейді акция ұйымдастырушылары.


Елена Хрусталева — 15 км қашықтықтағы жеке жарыстан 2010 жылғы Ванкувер Олимпиадасының күміс жүлдегері; Еуропаның үш дүркін чемпионы; 7-ші Қысқы Азия ойындарының екі дүркін жеңімпазы; Қазақстанның және Ресейдің еңбек сіңірген спорт шебері. Еленаның спортта жүргеніне 25 жылдан асты. Бес жасында ол шаңғы тебумен, ал он бір жасында биатлонмен айналыса бастады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера