Елеусінов 14 нокауты бар WBA экс-чемпионымен жекпе-жекке шығуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-7 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елеусінов 14 нокауты бар WBA экс-чемпионымен жекпе-жекке шығуы мүмкін

Елеусінов 14 нокауты бар WBA экс-чемпионымен жекпе-жекке шығуы мүмкін

 

  • 5 Қазан 2020
  • 37
Фото - Caravan.kz

Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Данияр Елеусінов (9-0, 5 КО) WBA Regular титулының бұрынғы иегері ресейлік Давид Аванесянмен (26-3-1, 14 KO) жекпе-жекке шығуы мүмкін, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл туралы Boxingnews24.com порталына берген сұхбатында DAZN-мен келісімдегі промоутер Эдди Хирн айтып берген.

Хирннің жоспары бойынша, жыл соңына дейін Аванесян мен Джош Келли (10-0-1, 6 KO) арасында жекпе-жек өткізу керек. Алайда британиялық бір себептермен рингке шыға алмаса, промоутер оның орнына Елеусіновті қоймақ.

"Данияр Елеусінов 27 қараша Дэниэл Джейкобстың андеркартында жұдырықтасады. Оны Индонго немесе Аванесянға қарсы қоймақпын, егер соңғысымен Келли шыққысы келмесе. Иә, мәселе Келли қашан дайын болатынында. Уақытты созбағанын қалар едім. Ол үшін бұл кездесу маңызды", — дейді Хирн.


Еске салайық, Елеусіновтің келесі қарсыласы үш тұжырымда әлемнің бұрынғы чемпионы "Көк машина" лақап атты Джулиус Индонго (23-2, 12 КО) болуы керек.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера