Елеусізов президенттіктен үміткер ретінде тіркелді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елеусізов президенттіктен үміткер ретінде тіркелді

Елеусізов президенттіктен үміткер ретінде тіркелді

Орталық сайлау комиссиясы Мэлс Елеусізовты Қазақстан Республикасының президенттігінен үміткер ретінде тіркеу туралы қаулы қабылдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап.

  • 21 Қазан 2005
  • 425
Фото - Caravan.kz



Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Табиғат» экологиялық одағының жетекшісі президент сайлауына дербес ат ұсынушы ретінде қатысуда. Оны Қазақстан Республикасының президенттігінен үміткер ретінде тіркеу туралы құжаттар 21-қыркүйекте келіп түскен.
Орталық сайлау комиссиясы баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сенімді өкілдері М.Елеусізовтың жақтастарынан 93 мың сайлаушының қолын жинады.
Сөйтіп, қазіргі жағдаймен президенттіктен үміткер 3 адам ресми түрде тіркелді. Атап айтсақ, бүгінге дейін қазіргі мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен «Әділетті Қазақстан үшін» Демократиялық күштер блогы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Жармахан Тұяқбай үміткер ретінде тіркелген.
Қазақстан президенттігінен үміткер ретінде атын ұсынған 13 адамның «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» заң мен Конституцияға сәйкес үміткерге қойылатын талаптарға сай келетінін , ал лингвистикалық комиссия үміткерлердің қазақ тілінде еркін сөйлейтінін анықтады. Тіркеу басталғаннан бері екі адам сайлауға қатысудан өз еріктерімен бас тартты.
Қазақстандағы президент сайлауы 4-желтоқсанға белгіленген.

>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта