"Елге есеп беремін деп жексұрын болдым, халықтан жиналған ақшаның киесі бар" - Меруерт Түсіпбаева - kaz.caravan.kz
  • $ 482.49
  • 556.75
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Елге есеп беремін деп жексұрын болдым, халықтан жиналған ақшаның киесі бар" - Меруерт Түсіпбаева

"Елге есеп беремін деп жексұрын болдым, халықтан жиналған ақшаның киесі бар" - Меруерт Түсіпбаева

Әнші Меруерт Түсіпбаева блогер Айнұр Асанбердіге сұхбат беріп, жан сырын ақтарды.

  • 19 Наурыз
  • 5
Фото: Instagram/Меруерт Түсіпбаева

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Әнші өз ойын желідегі сұхбат барысында айтты.

«Қазмедианың аялдамасында 1 сағат отырып, жыладым. Мен әр өзімнің әріптесім туралы, әр танымал адам туралы менде мәлімет жеткілікті. Көп адамдар маған ала көзбен қарады.

Анау Ақтаудың шетіндегі абақтыға бардым. Мен ешбір пендеге түрмені басып, аттауын тілемеймін. Мен өмірімде, өзім танымайтын бір қазақтың қара домалақ баласын іздеп, түрменің босағасын аттадым.

Сонымен қонақүйге кірген кезде, дәл босағасында мен талып қалдым. Елге есеп бергім келіп, осындай жексұрын болдым. Халықтан жиналған ақшаның киесі бар ма деп қалдым. Осы киесі мені де, басқа ақша жинаған адамдарды да ұрды деп ойлаймын. Әлі де ұрады деп ойлаймын.

Мені Азамат та, Назгүл екеуі мені дұшпандарының бірі деп санайды», — деді әнші.