Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Лос-Анджелесте жағдай күрделі. Бірақ қазақстандықтар “көмек көрсетіңдер” деп хабарласқан жоқ. Егер заңсыз жүрген адамдар болса, дүрбелең жағдайға түсіп қалмай, бірден елге қайтсын, — деді СІМ-нің ресми өкілі Айбек Смадияров брифингте.
Ол АҚШ-та заңсыз жүрген мигранттарға Қазақстан үкіметі неліктен көмектесе алмайтынын түсіндірді.
Көп адамдар “Біздің заңсыз жүрген мигранттарға неге көмектеспейсіңдер?” дейді. Қалай көмектесеміз? Заңсыз барған адамды “заңдастыр” деп Америка үкіметіне өтініш білдірейік пе? Бұл дұрыс емес қой. Елге қайтсын. Америка елшілігіне құжатын тапсырып, заңды түрде барып жұмыс істей берсін. Бәрі заңды болуы керек қой, — деді Смадияров.
Ресми өкіл АҚШ үкіметі заңсыз жүрген мигранттардың еліне қайтуына көмектесіп жатқанын атады.
Сол жақта жүрген азаматтарымызға бір ғана кеңес Америка үкіметі өздері мүмкіндік беріп отырған кезде қаражат, бір сома беріп жатыр деп естідім, соның бәрін пайдаланып, елге қайтсын, — деді ол.