Бұл туралы заңгер Нұрсұлтан Орынбеков жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
«Қазақ робин гуд Ілияс Сариев алаяқтық бабы бойынша ұсталды. Бірнеше адамнан алаяқтық әрекеті бойынша арыз түскен еді. Қазір сол бойынша ұсталғаны белгілі болды.
Алданғандар болса, Алматы ІІД-не арыздансаңыздар болады», — деп жазды заңгер.
Естеріңізде болса, журналист Гүлмира Әбіқай бұл жайлы жазған еді. Алматылық келіншек журналистен көмек сұрап, көшеде қайыр сұрап отырған апаға үй алып береміз деп бірақ алдап кеткен қайырымдылық қоры туралы айтқан еді.
«Елге көмек» қайырымдылық қоры «осы апаға үй алып берейік, бір қазақ үйлі болсы» деп видео түсірді. Бәріміз сендік. Кейін «апаға үй алдық, осынша ақша жиналды» деп есеп берді. Апаны 3-4 ай көрмедік. Бірақ бір күні тағы қайыр сұрап отырғанын көрдім. Жанына барып «апа, үйіңіз бар, неге тағы шықтыңыз?» деп сұрадым. Ол кісі бәрінің өтірік екенін айтты», – дейді алматылық келіншек.