«Елім деп шықсақ болмайды, ал геймін деп шықсаң болады екен»: Алмат Сақатов ащы шындықты айтты (видео) - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Елім деп шықсақ болмайды, ал геймін деп шықсаң болады екен»: Алмат Сақатов ащы шындықты айтты (видео)

«Елім деп шықсақ болмайды, ал геймін деп шықсаң болады екен»: Алмат Сақатов ащы шындықты айтты (видео)

Қоғамдағы түрлі оқиғаларға үн қосып жүрген белгілі актер Алмат Сақатов Алматыда өткен феминистер шеруіне қатысты пікір білдірді.

  • 11 Наурыз 2021
  • 32479
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

«Бастан кеткенге не істейсің. Балық басынан шіриді.Әттең!!» ,- деп жазды актер.

Ал арнайы түсірілген видеода былай деді:

«Ассалаумағалейкүм, ағайын! Мына желіні шулатып жатқан лесбианка, фисбианка, гей, мей деген тулатып жатыр ғой. Олар алаңға шығып айғайлайды екен. Біз оған шулап, өйтуге болмайды, бүйтуге болмайды деп айтады екенбіз. Менің таң қалатыным неге біз елім жақсы болсын деп алаңға шықсақ болмайды екен. Жерім жақсы болсын деп жақсылық жасайын деп шулап қалсақ ұстап алады, қолымызға көк туды ұстап челендж жасауға болмайды, анау болмайды, мынау болмайды. Ал қайдағы бір бастан кеткен ауру, мүгедектер геймін деп алаңға шықса болады екен.… Аман болайықшы, жақсы емес бұл негізі, бала тәрбиелеңіздерші»,- деді Алмат Сақатов.

Еске салсақ, 8 наурыз күні Алматы қаласында феминистердің рұқсат етілген шеруі өтті. Оған 300 ден аса адам қатысты. Олар қолдарына «Менің тәнім менің ісім», «Менструация кір емес», "Ана болу міндет емес" деген сияқты жазулары бар плакаттар ұстап шықты.

 

Соңғы жаңалықтар