“Елім-айдың” режиссері қаржының кей тұстарында жетпей қалғанын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Елім-айдың”  режиссері қаржының кей тұстарында жетпей қалғанын айтты

“Елім-айдың” режиссері қаржының кей тұстарында жетпей қалғанын айтты

Қазақ киносының қоржыны тағы бір көркем туындымен толықты. Бұл жолы көпшілік назарына Тәуелсіз Қазақстанның жаңа елордасы - Астананың өткені, бүгіні және болашағы туралы баяндалатын “Елім-ай” фильмі ұсынылуда. Кино желісі екі ағайындының сонау соғыс заманынан басталып, тәуелсіздік кезеңіне ұласқан өмірін бейнелейді. Фильмнің режиссері Аманжол Айтуаров  осы арқылы тұтастай қазақ халқының өмір жолын, тағдырын көрсетуді мақсат еттім дейді.

  • 29 Маусым 2011
  • 718
Фото - Caravan.kz

Сюжет желісі екі ұл өсіріп отырған Ерғалиевтар отбасына Ұлы Отан соғысы әкелген үлкен өзгерістен басталады. Жұпыны тіршілік кешіп жатқан қазақ әулетіне әжесімен  Мұса есімді кавказдық бала келеді. Ағайынды Мәди мен Сағи сол сәттен бастап шешен ұлымен айырылмас досқа айналады.

Фильмде үш дәуірдің куәгері Мәди Ерғалиевтің балалық, жастық және қартайған шағы баян етіледі. Бала Мәдидің бейнесін тоғыз жастағы Абылайхан Жарылқасынов сомдаса, ер жеткен шағын оның шын әкесі Ержан Жарылқасынов ойнайды. Ал қаламгердің қартайған шағы белгілі актер Асылболат Ысмағұловқа бұйырған.

Асылболат Ысмағұлов, Қазақстан  Республикасының еңбек сіңірген артисі:

— Негізі мен театрдың актерімін ғойкиноға кеш келдім. Сондықтан   бұл  кинода ойнаған басты рөлдерімінің бірі. “Елім-ай” деген кезде бізге әрдайым «Ақтабан шұбырындысы» еске келеді. Бірақ ойлап қарасақ,  біздің өмір сүріп жүрген заманымыздада
 “Елім-айдың” тақырыптары артта қалған жоқ.

Фильм режиссері – көпшілікке “Қауышу”, “Дала экспресі” сынды туындыларымен танымал болған Аманжол Айтуаров, ал сценарий авторы – «Қазақстан» ұлттық арнасының жетекшісі Жанай Омаров. Режиссер туындыны түсіру барысында аздаған кедергілер болғанын жасырмайды.

Аманжол Айтуаров, “Елім-ай” фильмінің режиссері:

— Қаржы мәселесіне келер болсақ, ол қашан да жасырын қалатын дүние ғой. Бірақ,көп болды деп те айта алмаймын, кей тұстарында жетпей қалып жатты. Өйткені біз фильмді үш кезеңмен көрсеттік. Оның әрқайсысының өз әзірленуі бар дегендей. Дегенмен туынды ойдағыдай шықты.   

Фильм қазақ тілінде түсірілген. Енді шығармашылық ұжым көркем туынды көпшіліктің көңілінен шығады деген үмітте. Туынды бірнеше сериядан тұрады.  Фильм “Қазақстан” ұлттық телеарнасының кешкі эфирінен көрсетіле де бастады. 

Соңғы жаңалықтар