Еліміз бойынша 56 мың үлескердің есебінен 348 нысан салынуда - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміз бойынша 56 мың үлескердің есебінен 348 нысан салынуда

Еліміз бойынша 56 мың үлескердің есебінен 348 нысан салынуда

Астана. 17 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Еліміз бойынша 56 мың үлескердің есебінен 348 нысан салынуда. Бұл туралы кеше ҚР парламенті мәжілісінде "Қазақстан Республикасы кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" заң жобасы туралы депутаттар алдында баяндама жасаған ҚР индустрия және сауда министрінің орынбасары Еділ Мамытбеков мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі .

  • 17 Қыркүйек 2008
  • 441
Фото - Caravan.kz

«Еліміз бойынша 56 мың үлескердің есебінен 348 нысан салынуда. Оның басым бөлігі Астана мен Алматы қалаларына тиесілі. Атап айтқанда, Астанада 36,4 мың үлескері бар 210 нысан, Алматы қаласында 12,3 мың үлескерді құрайтын 110 нысан бар екені анықталып отыр. Осы орайда туындап отырған мәселеге қатысты Үкімет басшысының қаулысымен арнайы комиссия құрылған».

Баяндамашының келтірген мәліметі бойынша, коммерциялық негізде үлескердің қатысуымен салынып жатқан барлық нысандар үш топқа бөлінеді. Сот арқылы шешуді талап етіп отырған Астанада 24 нысан бар, оның ішінде 6 мыңға жуық үлескердің өз пәтеріне қолы жетпей отыр. Ал алматыда осындай 10 нысан бар, оның тағдыры 816 үлескерді алаңдатып отыр.

Келесі кезекте құрылыс компанияларының өз күштерімен аяқтауға мүмкіндігі бар топқа енетіндер анықталған. Мұндай нысандар Астанада — 84, Алматыда — 52 болып отыр.

Сонымен қатар үшінші топқа мемлекеттің қолдауын қажет ететін нысандар енген. Осындай топтың ішінде Астана бойынша 18 мыңнан астам үлескерді қамтитын 102 нысан, Алматы бойынша 8730 үлескерді үміттендіріп отырған 48 нысан бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар