Caravan Logo

Еліміз бойынша Оралда тұңғыш рет мектеп оқушылары арасында интеллектуалдық олимпиада басталды

Еліміз бойынша Оралда тұңғыш рет мектеп оқушылары арасында интеллектуалдық олимпиада басталды

Олимпиадаға Батыс Қазақстан облысының барлық аудандары мен қалалық мектептерден 70 оқушы қатысуда. Осынау білім сайысының бір ерекшелігі сонда, оған қатысушылар тек бір пән бойынша ғана емес, мектеп қабырғасындағы барлық пәндерден біліктілік сынайды.

Мектеп оқушылары арасындағы мұндай көп векторлы білім сайысын өткізу туралы бастаманы білім жетілдіру институты мен "Дарын" орталығы көтерген.
"Дарын" облыстық қосалқы білім беру орталығының төрайымы Галя Орынғалиеваның айтуынша, интеллектуалдық олимпиаданың басты мақсаты - ғылымның әр саласына бейімі бар дарынды балаларды анықтау болмақ. Олимпиада 4 сатыдан тұрады.