Еліміз бойынша тұңғыш рет Қарағанды облысында су қорын басқаруды компьютерлік әдіспен модельдеу жобасы қолданысқа енгізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміз бойынша тұңғыш рет Қарағанды облысында су қорын басқаруды компьютерлік әдіспен модельдеу жобасы қолданысқа енгізіледі

Еліміз бойынша тұңғыш рет Қарағанды облысында су қорын басқаруды компьютерлік әдіспен модельдеу жобасы қолданысқа енгізіледі

Еліміз бойынша тұңғыш рет Қарағанды облысында Нұра және Есіл өзендерінің су қорын басқаруды компьютерлік әдіспен модельдеу жобасы қолданысқа енгізіледі,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 10 Қазан 2003
  • 830
Фото - Caravan.kz

Бұл жоба Әлемдік даму банкінің қолдауымен «Таза су» атты біртұтас экологиялық бағдарлама аясында жүзеге асырылады. Бұл жобаны жүзеге асыру нәтижесінде өзендердің су қорының сипаттамасын ұзақ мерзімге толыққанды жобалап, аталмыш өзендерде шаруашылық жүргізу жөнінде нұсқаулар әзірлеуге мүмкіндік туындайды.

Су қорын басқаруды компьютерлік әдіспен модельдеу жобасын Англияның «Якобс Гибб» және «Хэлкроу» фирмаларының мамандары іске қосады. Ал Қарағанды облысынан бұл жобаға Нұрасу бассейндік су шаруашылығы басқармасы қатысады. Басқарманың бас инженері Владимир Хасенов Англиялық мамандар таныстырған жобаға жоғары баға берді. Оның айтуынша, «жоба бір айдан кейін нақты қолданысқа енгізіле бастайды. Жоба авторларына бұл бағдарламаның тұтынушыларына арнап әмбебап оқыту бағдарламасын жасау жөнінде өтініш білдірілген».
Қарағанды облысында су қорын тиімді пайдалану проблемасы айрықша өзектілікке ие. Өйткені, мұндағы табиғи су қоры Нұра өзенімен ғана шектеледі.

Соңғы жаңалықтар