Жарияланды: 670

Еліміз бойынша жасөспірімдер арасындағы қылмыс 11 пайызға төмендеді

Бүгінде еліміз бойынша жасөспірімдер арасындағы қылмыс 11 пайызға төмендеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов мәлім етті.

Атап айтқанда, Үкімет отырысы барысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алуға байланысты аталған ведомствоның басшысына тиісті тапсырманы жүктеді. Бұл бағытта тиісті жұмыстар атқарылып жатқандығына тоқталған Ішкі істер министрі «2 жылдан астам уақыттан бері жасөспірімдер қылмысына профилактика негізінде мектеп инспекторлары жұмыс жасап жатыр. Еліміз мектептерінің 90 пайызында осындай инкспекторлар бар. Бұл бағыттағы жұмыстар бүгінде жалғасып жатыр»,-деді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін