Еліміз Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өткеннен кейін орташа және шағын банктер өзара бірігуге мәжбүр болады - президент (толықтырылған нұсқа) - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміз Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өткеннен кейін орташа және шағын банктер өзара бірігуге мәжбүр болады - президент (толықтырылған нұсқа)

Еліміз Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өткеннен кейін орташа және шағын банктер өзара бірігуге мәжбүр болады - президент (толықтырылған нұсқа)

Еліміз Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өткеннен кейін шетелдік банктер тарапынан туындайтын бәсекелестікке төтеп беру үшін орташа және шағын банктер өзара бірігуге мәжбүр болады. Бүгін, 25-қарашада Алматыда шетелдік инвесторлар кеңесінің жалпы отырысынан кейін өткізілген баспасөз мәслихатында президент Нұрсұлтан Назарбаев осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 25 Қараша 2005
  • 585
Фото - Caravan.kz

«Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өту — банк секторы үшін қуатты шетелдік банктермен бәсекеге түсу дегенді білдіреді. Оған ірі банктер ғана төтеп бере алады. Ал қалған орташа және ұсақ банктерге бірігіп ұлғаюдан өзге жол қалмайды»,- деді Н.Назарбаев. Президенттің пайымдауынша, банктердің бірігуінің нәтижесінде Қазақстанның қаржы секторы қазіргіден де жоғары даму деңгейіне көтеріліп, бәсекелестік қабілеті арта түспек.

Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Жан Лемьердің пікірінше, қазіргі халықаралық стандарттарға көшу сатысында Қазақстанның қаржы секторының құрылымында банк секторы артықша дайындықпен келіп отар. Ел экономикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтуіне де банк секторы дайын. Бәсекелестік қабілетке ие қуатты банк секторын қалыптастыруда ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігінің атқарған ролін Ж.Лемьер айрықша жоғары бағалады. «Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өткеннен кейін банк секторына қойылатын талап тіптен күшейеді»,- деп ескерткен Ж.Лемьер Қазақстанның банк секторы үшін бұл тек пайда ғана әкеледі деген президенттің пікіріне қосылды.

Перейти к новостям спорта