Еліміз қай елдерге тұз экспорттайды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.17
  • 576.63
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміз қай елдерге тұз экспорттайды

Еліміз қай елдерге тұз экспорттайды

2025 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығында Қазақстанда 415,7 мың тонна ас тұзы өндірілді, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,3% көп

  • 20 Ақпан
  • 1
Фото: ЖИ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Импортталған тұз көлемі де өскен, 2025 жылы елімізге 36,2 мың тонна тұз әкелінді, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 13,1% артық.

Экспортқа келетін болсақ, есепті кезеңде Қазақстан 251 мың тонна тұз экспорттаған, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,7% аз.

Қазақстандық тұзды импорттайтын негізгі елдерге Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, сондай-ақ Қытай, Грузия, Латвия және Германия кіреді.

2025 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша ішкі нарықта 200,8 мың тонна ас тұзы сатылды.

Республика бойынша тұздың орташа бағасы 1 келісіне 90 теңге. Ең төменгі орташа баға Қызылордада тіркелді – 65 теңге/кг, ал ең жоғары баға Алматы қаласында, мұнда 1 кг өнімнің орташа бағасы 112 теңге (2026 жылғы қаңтардағы жағдай бойынша).