Жарияланды: 430

Еліміз өкілдері Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің сыртқы істер министрлері кеңесінің Нидерландыда өтіп жатқан 11-отырысына қатысуда

Желтоқсан айының 1-2-жұлдызында ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Әбусеитов бастаған еліміз өкілдері Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің сыртқы істер министрлері кеңесінің Нидерланды елінің Маастрихт қаласында өтіп жатқан 11-отырысына қатысуда. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің ақпарат және талдау басқармасынан хабарлады.

Отырысқа қатысушылар Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының іс -қызметіне, атап айтсақ, 21-ғасырдағы қауіпсіздік пен тұрақтылыққа төнген қатерлерге қарсы тұру саласындағы өзара ықпалдастық перспективасы, экономика және экология саласындағы ынтымақтастыққа қатысты мәселелерді талқылайды. Отырыс барысында Қазақстандық өкілдер Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Ян Кубишпен, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросының директоры Кристиан Строхалмен, Еуропалық бірқатар елдердің сапартоп басшыларымен екі жақты кездесулер өткізеді. 4-5-желтоқсанда қазақстандық өкілдер Солтүстік Атлантикалық Альянстың Еуроатлантикалық әріптестік жөніндегі кеңесіне мүше елдердің сыртқы істер министрлері кеңесінің Брюссельде өтетін кезекті отырысына қатысады. Брюссельге сапары барысында Қазақстан өкілдері Солтүстік Атлантикалық Альянстың басшылығымен және басқа да сапартоп өкілдерімен жүздеседі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін