Еліміз қорықтарындағы орман шаруашылықтарының материалдық базасын екі жылда қалпына келтіруге болады - орман және аң шаруашылығы комитеті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміз қорықтарындағы орман шаруашылықтарының материалдық базасын екі жылда қалпына келтіруге болады - орман және аң  шаруашылығы комитеті

Еліміз қорықтарындағы орман шаруашылықтарының материалдық базасын екі жылда қалпына келтіруге болады - орман және аң шаруашылығы комитеті

ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің орман және аң шаруашылығы комитетіндегілер төтенше қорғаудағы табиғи аумақтар - қорықтар, саябақтар мен қаумалдар аясында жұмыс істейтін орман шаруашылықтарының материалдық базасын екі жылда толық қалпына келтіруге болады дегенге сенімді. Ал әкімшіліктерге бағындырылған орман шаруашылықтарының материалдық базасын қалпына келтіруге тағы да 5 жыл қажет. Бұл туралы ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің орман және аң шаруашылығы комитеті төрағасының бірінші орынбасары Игорь Коваль бүгін, 16-қаңтарда Алматыда өткен кеңесте KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 16 Қаңтар 2004
  • 1180
Фото - Caravan.kz

Кеңесте баяндама жасаған И.Ковальдің хабарлауынша, комитет 2003-жылы қабылданған ҚР Орман Кодексін жүзеге асыруға қажетті барлық заңдық актілерді жобалап бітті. 10 құжатты үкімет бекітіп қойса, тағы бесеуі келісілу үстінде.

И.Ковальдің айтуынша, Кодекс Қазақстандағы қазіргі экономикалық ахуалға мейлінше жақындатылған. Атап айтсақ, орман шаруашылықтары мен орманшылардың ағаш кесу, аң аулау, азаматтардың өнім жинау және демалу жағдайына бақылау жасауға қатысты құқық аясы мейлінше кеңейтілген. Орман шаруашылықтары үшін банкте арнайы есепшоттар ашылып, оған орман ресурстарын пайдалануға байланысты төлемақылар аударылады. ҚР азаматтары мемлекеттік орман қорындағы орман ресурстарын демалыс мақсатында ешбір кедергісіз пайдалану құқығына ие. Бірақ олар орман ресурстарына нұқсан келтіруге тиіс емес. Орман ресурстарын ақысыз пайдалану нормативтерін облыстық әкімшіліктер айқындайды.
10 жылдан кем емес мерзімге ұзақ мерзімді жалға алған жағдайда ғана ағаш кесу жұмыстарын жүзеге асыру құқығы заңдастырылды. Ағаш дайындаушыға табиғат қорғау мақсатында орман қорын қалпына келтіру шараларын жүзеге асыру міндеттелді.
Орманға нұқсан келтіргені үшін салынатын айыппұл мөлшері 2,5 есе өсірілді. Мәселен, Шығыс Қазақстандағы қарағайлы нуда браконьерлік жолмен ағаштарды отауға салынатын айыппұл мөлшері 2000 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін арттырылды. Бұл орайда орманшылар орман қорына нұқсан келтіру мақсатында қолданылған көліктер мен құралдарды тәркілеп алу құқығына ие болды.
Орман қорғау мақсатында шаруашылықтар мен қорықтарды техникамен және жабдықтармен қамтамасыз ету нормативтері де айқындалды. Орман шаруашылықтарында қосымша 889 жұмыс орны ашылды. Сондай-ақ, орманды, соның ішінде оңтүстік аймақтардағы сексеуілді ормандар мен тоғайларды ұшақпен қорғауды қалпына келтіруге қаржы қарастырылды. Бұл мақсатқа 2004-жылы 0,5 млрд. теңге бөлінді.

Соңғы жаңалықтар