Еліміз Қытай алдындағы қарызын өтей алмай жатқан Моңғолияның кебін киіп жүрмей ме? - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміз Қытай алдындағы қарызын өтей алмай жатқан Моңғолияның кебін киіп жүрмей ме?

Еліміз Қытай алдындағы қарызын өтей алмай жатқан Моңғолияның кебін киіп жүрмей ме?

Дәл Қазақстан сияқты сан жылдар бойы Қытайдан қаржылай қарыз ала берген Моңғолия қайтаратын кез келгенде шындап әбігерге түсе бастаған.

  • 14 Ақпан 2017
  • 1832
Фото - Caravan.kz

Дәл Қазақстан сияқты сан жылдар бойы Қытайдан қаржылай қарыз ала берген Моңғолия қайтаратын кез келгенде шындап әбігерге түсе бастаған. Себебі борышкер елді алып көршіміз қыспаққа ала бастапты. Мұндай мәліметті Ертай Нүсіпжанов есімді желі қолданушысы өз парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Онда мынадай қызықты деректер келтірілген;

«Қазіргі таңда қытай басылымдары Моңғолияның ертеде өз жерлері болғанын, кейін тәуелсіздік алғанымен, ел экономикасының әлі де Қытайға тәуелді екенін жарыса жазып жатыр.

Әңгіме төркіні мұнда:

Үстіміздегі жылдың наурыз айында, Моңғолияның ҚХР мен Халықаралық Валюталық Қорынан (IMF) қарызға алған 580 миллион АҚШ долларын қайтаратын уақыты бітеді. Моңғолия ұлттық валютасының девальвациялануы, шетелдік капиталдың елден жаппай кетуі сияқты жағдайлар, «Жайлаулы елге» қыруар қарызын өтеуге еш мүмкіндік қалдырмады. Қытай тарапы осы ахуалға байланысты мынандай тиісті шаралар қабылдауды қарастыруда:

1) Қытай-Моңғол үкіметаралық келісімдерін тоқтату;
2) Қытай аумағына кіретін Моңғолияның металлы мен көмірінен транзиттік тасымалдау ақысын алу;
3) Моңғолияға несиеге берілуі мүмкін $4 млрд. мерзімінен бұрын күшін жою», деп жазады Ертай Нүсіпжанов.

Қазақстандық өлшем бойынша болмашы соманың өзін қайтаруға қауқарсыз Моңғол үкіметі шарасыз күй кешіп, енді салмақты қарапайым халыққа салмақшы көрінеді. Автордың жазуынша, ол күштеп емес, ерікті түрде жүзеге асырылатын секілді. 

«Кейбір дереккөздерге сүйенсек, осы жағдайға байланысты Моңғол үкіметі елде «Отан сүю» атты қайырымдылық акциясын бастады. Осылайша, халықтың банктерде сақталған депозиттерін, алтындары мен бағалы бұйымдарын, тіпті ауылдағы жұрттан астындағы аттарын қайырымдылыққа алу арқылы мемлекетті қарыздан құтқаруға шақыруда.Бұл қайырымдылық акциясын моңғолдың бір эконоисті бастап, өзі 100 миллион тугрик (шамамен $40 мың), 10 бас жылқы және алтын жүзігін салған. Тағы бір шенеунік өзінің үш айлық еңбекақысын берген», делінген жазбада. 


Ең сорақысы Моңғол Үкіметнің қарызын қайтаруға 8 жасар баладан бастап егде жастағы қарияға дейн атсалысуы тиіс көрінеді.Тіпті кімнің қанша ақша өткізу керектігі де белгіленіп қойған.Оған төмендегідей деректер келтіріліпті. 

«Ал ел азаматтарына олардың жас ерекшеліктеріне қарай арнайы тариф ұсынылуда. Онда мысалы, 8 жасар бала 1000 тугрик (шамамен $0.4), 30 жасқа дейінгі азаматтар 22 000 тугрик ($9), ал 50 жасқа дейінгі әрбір азамат 200 000 тугриктен ($81) берулері қажет», делінген жазбада.

Ертай Нүсіпжановтың айтуынша, 2016 жылы Моңғолия экономикасының Қытайға тәуелділігі 60%-ға жеткен.

Расында да Моңғолияның басына түскен жағдай бізге де түспесіне кім кепіл? Себебі, былтырғы жылдың есебі бойынша Қазақстанның сыртқы қарызы 150 миллиард АҚШ долларынан асады. Оның 9 пайыздан артығы Қытайға тиесілі. (кейбір деректер бойынша 20 миллиард долларға жуық) Ал еліміздегі жан басына шаққандағы қарызымыз мәліметтер бойынша 4 мың доллардан артық.