Еліміз тұрғындарының табиғи өсімі 1990-жылмен салыстырғанда шамамен үш есе азайды - мәжіліс төрағасы - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміз тұрғындарының табиғи өсімі 1990-жылмен салыстырғанда шамамен үш есе азайды - мәжіліс төрағасы

Еліміз тұрғындарының табиғи өсімі 1990-жылмен салыстырғанда шамамен үш есе азайды - мәжіліс төрағасы

"Еліміз тұрғындарының табиғи өсімі 1990-жылмен салыстырғанда шамамен үш есе азайды". Бүгін, 10-қазанда Астанада "Қазақстанда отбасын, ана мен баланы қорғауды заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету" мәселесі бойынша өткен парламенттік тыңдауда сөз сөйлеген мәжіліс төрағасы Жармахан Тұяқбай осындай мәлімет келтірді.

  • 10 Қазан 2003
  • 535
Фото - Caravan.kz

«Статистикалық мәліметтер айғақтап отырғанындай, еліміз тұрғындарының саны соңғы 12 жылда 1,5 млн. адамға азайған»,- деді Ж.Тұяқбай.

Оның айтуынша, «соңғы 10 жылда 6 жасқа дейінгі балалар саны екі есе азайған». Сондай-ақ, мәжіліс төрағасы келтірген мәліметтерге жүгінсек, соңғы 5 жылда елімізде балалардың әртүрлі ауруларға шалдығу деңгейі 16,3%-ке артып, қан және қан түзуші органдардың аурулары бойынша тіркелу көрсеткіші 1,8 есе, сезім-жүйке және эндокриндік дерттерге шалдығу мен зат алмасу құбылысының ақауы жөніндегі көрсеткіштер 1,6 есе артқан.
«Аналар өмірі мен олардың денсаулығын сақтау тиімділігі — тек қана денсаулық сақтау сапасын ғана емес, сонымен бірге, жалпы қоғамның даму деңгейін сипаттайтын маңызды көрсеткіш болмақ»,- деді Ж.Тұяқбай. Осыған байланысты оның айтуынша, «белгілі мөлшердегі азаю көрсеткішіне қарамастан, елімізде аналардың өлімі жоғары деңгейде қалып отыр». «Ана өліміне қатысты аса күрделі ахуал Атырау және Маңғыстау облыстары мен Алматы қаласында қалыптасып отыр»,- деді палата спикері.
Сондай-ақ, Ж.Тұяқбайдың айтуынша, «елімізде әйелдер денсаулығының индексі деп аталатын көрсеткіш те төмендей түсуде. Республика бойынша ол орта есеппен 30 процентті құраса, жекелеген аймақтарда 20 процентті құрайды». «Соңғы 5 жылда әйелдердің жүктілік мерзімінде әртүрлі аурулар меңдеу көрсеткіші 43%-ке өссе, болашақ аналардың 65%-і әртүрлі дертке шалдыққан, ал еліміз әйелдерінің небәрі үштен бір бөлігі ғана қалыпты жағдайда босанады»,- деді ол.
«Отбасы және ана мен баланы қорғауда өткен жылдарда жіберіп алған өрескел олқылықтардың орнын толықтыру біз үшін оңайға түспейтін түрі бар»,- деді мәжіліс төрағасы. Осыған байланысты Жармахан Тұяқбай «Астанада өтіп жатқан парламенттік тыңдау еліміздің әлеуметтік заңдарын, соның ішінде бірінші кезекте ең жоғарғы әлеуметтік мәртебеге ие аналар мен балаларды қорғауға бағытталған заңдарды жетілдіруге септігін тигізеді» дегенге сенім білдірді.

Соңғы жаңалықтар