Еліміз үкіметі электр қуаты саласындағы нарықтық қарым-қатынастардың 2004-2006-жылдарға арналған даму тұжырымдамасын қарады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміз үкіметі электр қуаты саласындағы нарықтық қарым-қатынастардың 2004-2006-жылдарға арналған даму тұжырымдамасын қарады

Еліміз үкіметі электр қуаты саласындағы нарықтық қарым-қатынастардың 2004-2006-жылдарға арналған даму тұжырымдамасын қарады

Бүгін, 29-желтоқсанда өткен үкімет отырысында электр қуаты саласындағы нарықтық қарым-қатынастарды одан әрі дамыту жөніндегі 2004-2006-жылдарға арналған орта мерзімді даму тұжырымдамасы қаралды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 29 Желтоқсан 2003
  • 530
Фото - Caravan.kz

Тұжырымдаманың басты мақсаты «электр қуатын өндіру саласының активтеріне инвестиция тарту және оны жаңалау, бәсекелі электр қуатын өндіру саласындағы баға белгілеу саясатының ашықтығын қамтамасыз ету, электр энергиясы саласындағы қарым-қатынасты реттеудің жаңа нарықтық тетіктерін қалыптастыру, электр энергиясын жеке тұтынушылардың оны сатушыларды еркін таңдау құқығын қамтамасыз ету, электр желілеріне ешкімді де алаламай әркімнің қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету» болып табылады ,- деді үкімет отырысында сөз сөйлеген ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьник өз түсініктемесінде.

Атап айтсақ, тұжырымдамаға сәйкес, «электр қуатының бөлшек сауда рыногында екі жақты келісімге негізделген орталықтандырылмаған рынокты сақтап қалу, «бір күн бұрын » деген режим бойынша СПОТ-рынок ұйымдастыру, нақты уақыт режимінде жұмыс істейтін балансты рынок ұйымдастыру» көзделіп отыр. Тұжырымдаманы жүзеге асырудың 2004-жылғы бірінші кезеңінде құқықтық-нормативтік база құру, электр қуатын сатудың орталықтандырылған рыногына оператор тағайындау, Қазақстанның энергетика рыногының жүйелік операторын анықтау көзделген. 2005-жылға дейін есептелген екінші кезеңде «электр қуатының көтерме сауда рыногына енудің шекті көрсеткішін 5-тен 2-1 МВт-қа дейін азайту, нақты уақыт режимінде жұмыс істейтін балансты рынокты іске қосу» жоспарланған деді В.Школьник.
Сондай-ақ, «электр қуатының бөлшек сауда рыногында монополия үстемдік құрған рыноктан электрмен қамтасыз етуші ұйымдар ақырғы тұтынушыларды электр қуатымен қамтамасыз ету құқығы үшін күресетін бәсекелі рынокқа ден қою межеленген»,- деді министр. «Электр қуатының рыногын либерализациялау сатылы жүзеге асырылады». Атап айтсақ, бірінші кезеңде электр қуатының бөлшек сауда рыногында бәсекелестікті қалыптастыруға жағдай жасау, 2004-жылдың 1-сәуірінен бастап қамтамасыздық және басқа да функцияларды Аймақтық энергетикалық компаниялардан электрмен қамтамасыз етуші ұйымдарға беру көзделген. Сондай-ақ, жылу желілерін энергетикалық компаниялардан бөліп, оларды коммуналдық меншікке немесе жеке меншікке беру жоспарланған. 2005-2006-жылдардағы екінші кезеңде электр қуатының бөлшек сауда рыногын либерализациялауға ден қою межеленіп отыр.
ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметовтың тұжырымдама жобасына берген түсініктемесіне жүгінсек, «мемлекеттік бюджет тіпті электр қуатының баламалы көздеріне де дотация бөлуге тиіс емес». «Бұл айрықша маңызды мәселе, сондықтан мен тұжырымдамаға дотация бөлудің кез-келген түрін қарастырмайтын өзгерістер енгізілгенін қалар едім»,- деді ол. Сондай-ақ, «электр қуатының бөлшек сауда рыногын құрудың тәртіптері 2004-жылдың бірінші жартысында аяқталуы тиіс»,- деді үкімет басшысы.
«Бұл тұжырымдаманы жүзеге асыруда мен шешімді қадамдарға шақырамын»,- деп атап көрсетті Д.Ахметов.

Соңғы жаңалықтар