Еліміз жаңа астықтың 9 млн тоннасын экспорттады - kaz.caravan.kz
  • $ 520.93
  • 609.07
+33 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміз жаңа астықтың 9 млн тоннасын экспорттады

Еліміз жаңа астықтың 9 млн тоннасын экспорттады

2024 жылғы қыркүйектен 2025 жылғы маусымға дейінгі аралықта 9 млн тонна жаңа астық экспортталды, бұл 2023–2024 жылдардағы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 60%-ға көп.

  • 3 Шiлде
  • 6
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы ұсынған бұл деректі Ауыл шаруашылығы министрлігі жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Экспорт көлемінің айтарлықтай өсуі Қазақстан астық өнімдерінің сыртқы нарықтарда жоғары сұранысқа ие екенін және жеткізу географиясын кеңейту мен логистикалық инфрақұрылымды жаңарту бойынша қабылданған шаралардың тиімділігін растайды, – деп жазылған хабарламада.

Өнім негізінен Орталық Азия мен жақын шетел мемлекеттеріне жөнелтілген.

Экспорттың негізгі бағыттары бұрынғыдай Орталық Азия мен жақын шетел мемлекеттері болып саналады:

  • Өзбекстан — 3,3 млн тонна (+32%),
  • Тәжікстан — 1,2 млн тонна (+45%),
  • Ауғанстан — 309 мың тонна (+46%),
  • Қырғызстан — 233 мың тонна (+94%),
  • Иран — 974 мың тонна (17,5 есе өсті),
  • Әзербайжан — 707 мың тонна (116 есе өсті).

Иран мен Әзербайжанға жеткізу көлемінің өсуі сауда-экономикалық байланыстардың кеңеюімен қатар, халықаралық көлік дәліздерінің дамуына байланысты.