Еліміз жүзеге асырып отырған саяси бағыт-бағдарға адалдық - мемлекеттік қызметкерге қойылатын басты талап болмақ - Атырау облысының әкімі - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміз жүзеге асырып отырған саяси бағыт-бағдарға адалдық - мемлекеттік қызметкерге қойылатын басты талап болмақ - Атырау облысының әкімі

Еліміз жүзеге асырып отырған саяси бағыт-бағдарға адалдық - мемлекеттік қызметкерге қойылатын басты талап болмақ - Атырау облысының әкімі

"Қазіргі мемлекеттік саясат шеңберінде, соның ішінде мемлекеттік мамандарды іріктеу саясатында еліміз жүзеге асырып отырған саяси бағыт-бағдарға адалдық - мемлекеттік қызметкерге қойылатын басты талап болмақ". Бүгін, 12-сәуірде мемлекеттік мамандар іріктеу саясатына арналған республикалық кеңесте Атырау облысының әкімі Аслан Мусин осындай пікір білдірді.

  • 12 Сәуiр 2004
  • 592
Фото - Caravan.kz

Әкімнің айтуынша, «кейінгі кездері жоғары лауазымды тұлғалардың түрлі оппозициялық партиялар мен қозғалыстарға бұлт етіп біріге қалуы жүйелі құбылысқа айналып бара жатқандай». «Бұлар негізінен кезінде мемлекет үлкен сенім артқан, бірақ сол сенім үдесінен шыға алмай тауы шағылып, биліктен өз орнын таба алмағандар. Сондай жандар қас қағымда тондарын сырт айналдыра киіп, ұлт көсемдеріне айналып шыға келуде»,- деді А.Мусин. «Осындай жағдайда үлкенді-кішілі мемлекеттік қызметкерлер біздер неге екені беймәлім, өз-өзімізден ұялып үн шығармадық»,- деді әкім. А.Мусиннің пікірінше, мемлекеттік қызметкерлер «саяси мәселелерде байсалдылық танытуы тиіс». «Ал төменгі деңгейдегі мемлекеттік қызметкерлер тіпті саяси іс-қызметке араласуға рұқсат алуы тиіс деп білемін»,- деді ол.

Атырау облысы әкімшілігінің басшысы «мемлекеттік қызметте бір ғана бас саяси тұжырымдама болуы тиіс, оны бір адам ғана, мемлекет басшысы айқындап беруі тиіс» деген пікірде. «Бұл жерде қос стандарттың болуы тіптен ерсі»,- деді ол. «Егер кімде-кімнің ішкі пайым-түсінігі мен дүниетанымы бұл тұжырымдамамен қабыспайтын болып шықса, ондай адам үшін қызметтен өз еркімен кетіп, жеке саяси доктринасын жүзеге асырумен айналысу әділетті болар еді», — деді А.Мусин.
Оның пайымдауынша, дәл қазір «президенттің айналасында бірігудің » қажеттігі артты. «Мемлекет шеңберінде де, және одан тасқары жерлерде де түрлі қауіп-қатерлер көбейген дәл қазіргі таңда ел ішіндегі тұрақтылықты сақтаудың маңызы зор» ,- деді әкім.

Соңғы жаңалықтар