Елімізде 10 мың теңгелік қағаз ақшаны айналымға енгізу экономикадағы оңды ағымдарды дәлелдейді - Ұлттық банк төрағасы - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде 10 мың теңгелік қағаз ақшаны айналымға енгізу экономикадағы оңды ағымдарды дәлелдейді - Ұлттық банк төрағасы

Елімізде 10 мың теңгелік қағаз ақшаны айналымға енгізу экономикадағы оңды ағымдарды дәлелдейді - Ұлттық банк төрағасы

Елімізде 10 мың теңгелік қағаз ақшаны айналымға енгізу - экономикамыздағы оңды ағымдарға дәлел. Бұл туралы бүгін, 28-шілдеде Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко пікір білдірді.

  • 28 Шiлде 2003
  • 607
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, ҚР Ұлттық банкі дүниежүзінде қалыптасқан үрдіске сәйкес, айналымда жүрген деноминациялық қатардағы қағаз ақшалардың ең жоғары номиналы айлық орташа жалақының жартысына тең болуы тиіс деген принципке бағынады. Қазір еліміздегі орташа айлық жалақы мөлшері 22 мың теңгеге тең.

«Егер біраз уақыттан кейін еліміздегі орташа айлық жалақы көлемі 40 мың теңгеден арту ағымы тұрақты қалыптаса бастаса, онда, айналымға 20 мың теңгелік қағаз ақшаның енгізілуіне дайындала беру керек»,- деді Г.Марченко.
Ұлттық банк төрағасының айтуынша, жоғары номиналды қағаз ақшаны шығару — айналымдағы ақшаның көлеміне әсер етпейді, ол тек деноминациялық қатардағы құрылымның өзгеруіне ғана алып келеді.
Ұлттық банк мәліметіне сүйенсек, қазір елімізде ұлттық валютаға деген сұраныс артып, соған сәйкес шетелдік валютаға деген сұраныс азая түсті. Атап айтсақ, биылғы жылдың бірінші жартысында екінші деңгейдегі банктердің шетелдік валюта сатудан тапқан пайда жалпы түсімнің 28 процентін құраса, 2002-жылдың осы мерзімінде бұл көрсеткіш 23 процентке тең болған.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2003-жылғы жаңа үлгі бойынша жасалған 10 мың теңгелік қағаз ақша еліміз аумағында 28-шілдеден бастап айналымға енгізілді. Бұған дейін ең жоғары номинал 5 мың теңгені құраған. Жаңа қағаз ақшаның ерекшелігі, тұңғыш рет ақшаның өңінде көгілдір және көк түстер дендеп, оның бетіне Қазақстан контуры мен туы бейнеленді.

Соңғы жаңалықтар