Елімізде 100 мегаватты күн станциялары іске қосылды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде 100 мегаватты күн станциялары іске қосылды

Елімізде 100 мегаватты күн станциялары іске қосылды

Энергетика саласында жыл қорытындысы бойынша электр энергиясын өндіру көлемі 104,2 млрд.кВт/сағ құраған. Яғни, өндіру көлемі еліміз бойынша тұтыну көлеміне сәйкес келетін болып шықты. Биыл 23 жаңартылған энергия көздері нысаны пайдалануға берілді. 

  • 19 Желтоқсан 2019
  • 24
Фото - Caravan.kz

2018 жылы электр энергиясын өндіру көлеміндегі жаңартылатын энергетика үлесі 1,3% болған. Ал 2019 жыл қорытындысы бойынша осы үлес 2,3%-ға дейін көтеріледі деп күтілуде. Елімізде 100-мегаватты күн станциялары іске қосылды. Атап айтсам, Алматы облысында – Қапшағай ауданында, Қарағанды облысында – Саран қаласында, Жамбыл облысында – Бурное кентінде, — деп мәлімдеді Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов бүгінгі баспасөз мәслихатында. 

Спикердің айтуынша, бүгінгі таңда Жамбыл облысында 50-мегаватты, Ақмола облысының Ерейментау қаласында 45-мегаватты және Маңғыстау облысында 42-мегаватты жел станциясы жұмыс істей бастады. Ал, елордаға жақын жерде 100-мегаватты жел станциясының 1-ші кезегі пайдалануға берілді. Келесі жылы осы станцияның 100 мегаваты толық іске қосылатын болады. Бұл еліміздегі ең ірі жел жобасы болмақ.

Жылдың соңына дейін қуаты 52,9 МВт болатын 2 ЖЭК объектісі пайдалануға берілмек. Осылайша, 2018 жылмен салыстырғанда биыл ЖЭК объектілерінің саны 20-ға артты; ЖЭК объектілерінің жиынтық қуаты 2 есе өстіү Яғни, 2018 жылы 537 МВт болса, 2019 жылы 1061 МВт дейін жетті. 2020 жылы ЖЭК объектілерінің санын 108 (1610 МВт), 2021 жылы 119-ға дейін (2096 МВт) жеткізуді жоспарлап отырмыз, — деп түйіндеді өз сөзін ведомство өкілі. 


Жалпы, республика көлемінде белгіленген қуаты 1008,1 МВт болатын 88 жаңартылған энергия көздері объектісі жұмыс істейді.