Елімізде 2002-жылы отбасындағы зорлық-зомбылықтан 534 әйел өлім құшты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде 2002-жылы отбасындағы зорлық-зомбылықтан 534 әйел өлім құшты

Елімізде 2002-жылы отбасындағы зорлық-зомбылықтан 534 әйел өлім құшты

Елімізде 2002-жылы отбасындағы зорлық-зомбылықтан 534 әйел өлім құшты. Осындай 54 кісі өлтіру оқиғасы Алматыда шықты. Бұл туралы бүгін, 25-қарашада "Әйелдерді жәбірлеуге қарсы 16 күн" атты шараның басталуына арналған баспасөз мәслихатында "Подруги" дағдарыс орталығының төрайымы Надежда Гладырь мәлімдеді.

  • 25 Қараша 2003
  • 1042
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, орталық жұмыс істей бастаған 6 жылда оған отбасындағы зорлық-зомбылықтан жапа шеккен 8 мыңдай әйел келіпті. Ондай әйелдерге заңдық, психологиялық, әлеуметтік, кейде тіпті экономикалық көмектер де көрсетілген. Орталық директорының айтуынша, соған қарамастан, жәбір құрбандарының басым бөлігі болған жағдайды жасырып қалады. Дейтұрғанмен, соңғы жылдарда оңды бетбұрыстар байқалып, әйелдер отбасындағы зорлық-зомбылық туралы хабарлауға, осындай орталықтарға көмек сұрай жүгініп, өз құқықтарын қорғауға ден қойды дейді Н.Гладырь.

«Әйелдерді жәбірлеуге қарсы 16 күн» атты шара бүгін, 25-қарашада еліміздің барлық аймақтарында басталды. Мұндай шара республикада осымен төртінші мәрте өткізіліп отыр. Шара аясында түрлі кездесулер, семинарлар мен тренинг шаралары өткізіледі. Ақтау облыстық телеарнасында аталмыш тақырыпқа арналған бірнеше бағдарлама шығады деп межеленген. Ал Шымкентте аталмыш тақырыпта әлеуметтік зерттеулер жүргізілмекші. Шаралардың жалпы мақсаты- отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесіне қоғам назарын аудару болмақ.
Шара аясында науқанға қатысушылар еліміз парламентінің өкілдерімен кездеседі. Бас қосуда елімізде «Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы » заңды қабылдау мүмкіндіктері талқыланбақшы. «Подруги» дағдарыс орталығының төрайымы Надежда Гладырь ханымның айтуынша, қазір ҚР ІІМ аталмыш заңның өзіндік нұсқасын әзірлепті. Алайда, үкіметтік емес бейресми ұйымдар өкілдерінің бұл жобаға көңілі толмай отыр. Қоғамдық ұйым өкілдерінің айтуынша, бұл жобада жәбірлік құрбандарының құқығы дәйектелмеген. Заң жобасын жасаушылар сондай-ақ, дағдарыс орталықтарын қаржыландыру тәрізді мәселелерді ескермеген.
Н.Гладырьдың пікірінше, аталмыш заңды бүгінге дейін қабылдап үлгерген елдердің тәжірибесіне баса назар аудару қажет. Бейресми ұйым өкілдерінің айтуынша, мұндай заң Қырғызстанда қазір орындалмай отыр. Оған себеп, заңда тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге жәрдемдесумен айналысатын дағдарыс орталықтары секілді ұйымдарды қаржыландыоу қарастырылмаған. «Украинада осындай мақсатта қаржы қарастырылғандықтан, заң толыққанды қуатқа ие»,- дейді Н.Гладырь.
Қазір дағдарыс орталықтарын тек халықаралық ұйымдар мен қорлар ғана қаржыландырады. Мұндай көмек, орталық өкілдерінің айтуынша, жәбірленушілерге жан-жақты жәрдем көрсетуге мүмкіндік бермей отыр. Баспасөз мәслихатына қатысушылар «Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы » заңды қабылдау нәтижесінде мұндай жағдай оң бағытта өзгереді дегенге сенім білдірді.

Соңғы жаңалықтар