Елімізде 2003 қаңтар-тамыз айларында тіркелген қылмыстардың саны 2002 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 12,2% қысқарып, 79,7 мың болды, олардың 21,1% әйелдерге жасалған - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде 2003 қаңтар-тамыз айларында тіркелген қылмыстардың саны 2002 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 12,2% қысқарып, 79,7 мың болды, олардың 21,1% әйелдерге жасалған

Елімізде 2003 қаңтар-тамыз айларында тіркелген қылмыстардың саны 2002 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 12,2% қысқарып, 79,7 мың болды, олардың 21,1% әйелдерге жасалған

Елімізде 2003 қаңтар-тамыз айларында тіркелген қылмыстардың саны 2002 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 12,2% қысқарып, 79,7 мың болды, олардың 21,1% әйелдерге жасалған. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР статистика жөніндегі Агенттігінен хабарлады.

  • 10 Қазан 2003
  • 736
Фото - Caravan.kz

Агенттік мәліметіне сәйкес, 2003 жылдың қаңтар-тамызында республика бойынша тіркелген қылмыстар саны әрбір 10 мың адамға шаққанда 80,5 оқиғаны құрады. Бұл көрсеткіштің ең жоғары мәні (91-ден 124-ке дейін) Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстары мен Алматы қаласында байқалды.

Қылмыстардың құрылымында жоғары үлестік салмақ ауыр қылмыстар — 20%, аса ауыр — 2,7%, орташа ауыр — 60,8% және ауырлығы шамалы — 19,5% қылмыстардың еншісінде.
Үстіміздегі жылдың 8 айында республиканың құқық қорғау органдары экономика саласындағы 9,1 мың қылмысты әшкереледі (2002 жылғы қаңтар-тамыздағы деңгейдің 90,9 %). Экономикалық бағыттағы қылмыстар саны республиканың 5 өңірінде, атап айтқанда Атырау (124,6%) облысында, Астана (104,3%) және Алматы (102,7%) қалаларында жоғары қарқынмен өсті.
2002-жылғы осы мерзіммен салыстырғанда есірткіге қатысты қылмыстардың жалпы саны 7,9% азайды. Есірткілік құралдарды немесе психиканы бұзатын заттарды өткізу мақсатында заңсыз әзірлеуге, сатып алуға, сақтауға, тасымалдауға байланысты қылмыстар саны 2,5% өсті. 2003 жылдың қаңтар-тамызында бұл санаттағы қылмыстардың ашылуы 91,2% құрады (өткен жылғы осы кезеңде 89,5% еді).
Әскери қызметкерлер жасаған қылмыстардың саны елеулі түрде қысқарды (2002 жылғы қаңтар-тамыздағы деңгейдің 42,7%). Осы бағыттағы тіркелген қылмыстар санының 39,6%-і — бөлімді немесе қызмет орнын өз бетінше тастап кету, 22,5% — билігін пайдаланып, қиянат жасау, билікті асыра пайдалану немесе әрекетсіздік, 19,5% — өзара қарым-қатынастың жарғылық ережелерін бұзу, 3,3% — қашқындық қылмыстар құрады.
Есепті кезеңде тексерілген қылмыстар бойынша республиканы тұтастай алғанда материалдық залалдың анықталған сомасы 24760 млн. теңге болды, оның 73,6% — экономикалық қызмет саласында және 20,1% — меншікке қатысты қылмыстардың үлесінде.
Республикалық құқық қорғау мекемелері қылмыс жасаған 54,4 мың адамды анықтады (2002-жылғы осы кезеңдегіден 14,2% аз). 48,6 мың адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Қылмысы әшкереленген адамдардың 8,1% — жасы кәмелетке толмағандар, 12,7% — әйелдер, 3,4% — мемлекеттік қызметкерлер. Бұрын қылмыс жасаған адамдардың сыбағалы салмағы — 13,6% (2002 жылғы қаңтар-тамызда — 12,6%).
Қазақстан бойынша орташа алғанда әрбір оныншы қылмыскер қылмысты мас күйінде, әрбір төртінші қылмыскер оны топ құрамында жасаған. Қылмыстары әшкереленген барлық адамдардың басым бөлігін, яғни, 71,1%-ін жұмыссыздар иемденеді.

Соңғы жаңалықтар