Елімізде 2004-жылдың аяғында еңбек және еңбек қауіпсіздігін қорғау институты құрылады- ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде 2004-жылдың аяғында еңбек және еңбек қауіпсіздігін қорғау институты құрылады-  ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрі

Елімізде 2004-жылдың аяғында еңбек және еңбек қауіпсіздігін қорғау институты құрылады- ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрі

Елімізде 2004-жылдың аяғында еңбек және еңбек қауіпсіздігін қорғау институты құрылады. Бұл туралы бүгін, 10-тамызда Астанада "Халықаралық OHSAS 18001 стандарттарын енгізу және республиканың өнеркәсіп орындарындағы тәуекелдерді бағалау" тақырыбына арналған республикалық семинар-кеңесте ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлжан Қарағұсова хабарлады.

  • 10 Тамыз 2004
  • 574
Фото - Caravan.kz

«2004-жылғы бюджетке түзетулер енгізу жөніндегі бірлескен бюджеттік комиссияның жұмысы барысында парламент депутаттары осындай институт құру туралы бастама көтерді»,- деді Г.Қарағұсова. Оның айтуынша, бұл институтың басты мақсаты «еңбек қауіпсіздігіне қатысты халықаралық стандарттарды енгізу жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдамалық жұмыстарды жүзеге асыру, өнеркәсіп ошақтарының жұмыс орындарындағы еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайын аттестациялау болып табылады».

«Еңбек қорғау және оның қауіпсіздігі жөніндегі биыл қабылданған жаңа заңда еліміздегі ірі және орта өнеркәсіп орындарында бес жылда бір рет осындай аттестация өткізіп отыру туралы бап қарастырылған»,- деді Г.Қарағұсова.

Перейти к новостям спорта