Елімізде 2004-жылы акциздік алымдар мөлшері 1,2 процентке кеміді - есеп комитеті - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде 2004-жылы акциздік алымдар мөлшері 1,2 процентке кеміді - есеп комитеті

Елімізде 2004-жылы акциздік алымдар мөлшері 1,2 процентке кеміді - есеп комитеті

Елімізде 2004-жылы акциздік алымдар мөлшерінің күрт кему көрінісі байқалды. Бұл туралы бүгін, 24-ақпанда Астанада өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында республикалық бюджеттің орындалуын қадағалау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 24 Ақпан 2005
  • 579
Фото - Caravan.kz

Комитет төрағасының айтуынша, «2004-жылы елімізде акциздік алымдар мөлшері мемлекеттік бюджеттің жалпы үлес салмағының небәрі 2,2 процентін құрады. Ал Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей сынды өзге ТМД елдерінде мұндай көрсеткіш 5 проценттен асады». 2003-жылы елімізде акциздік өнімдерді сатудан түскен төлемдер мөлшері мемлекеттік бюджеттің 3,4 процентін құраған.

Дегенмен, О.Өксікбаевтың айтуынша, «елімізде 2004-жылы спиртті сусындар өндірісі 11 процентке, ал осындай сусындар өндіруге лицензия алғандар саны 5 процентке өсті».

Перейти к новостям спорта