«Бұл бағдарлама бойынша 1,1 млрд. теңге игерілмей қалды. Оған себеп — құрылыс жұмыстарын атқару кестесінен кешігу»,- деді Н.Коржова. Оның айтуына қарағанда, тұрғын үй құрылысына арналған несиелік ресурстардан есепті мерзімде 14,4 млрд. теңгесі игерілді. «4,8 млрд. теңге игерілмей қалды. Немесе жоспардың 75 проценті орындалды. Атап айтсақ, Алматыда — 1,5 млрд. теңге, Астанада — 1,1 млрд. теңге, ОҚО -да — 0,5 млрд. теңге, ШҚО -да — 0,4 млрд. теңге игерілмей қалды»,- деді қаржы министрі.
«Қаржының игерілмей қалуына байқаулардың ұзаққа созылуы мен мердігерлер тарапынан құрылыс-монтаж жұмыстарының кестесіне ілесе алмай қалу себеп болды»,- деді Н.Коржова.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті