“Келесі жылдан бастап біз медициналық жоғары оқу орындары түлектерінің бір бөлігі ауылдық жерлерде жұмыс істеуі үшін квота белгілейміз. Жергілікті атқарушы билік органдары жас дәрігерлерге арнап әлеуметтік көмектер қоржынын құруға міндетті”, деді А.Ақанов.
Оның айтуынша, қазіргі жағдаймен еліміздің ауылдық жерлерінде 1,5 мыңдай дәрігер жетіспейді.