Елімізде 2012 жылы ең кең таралған және ең аз кездесетін есімдері белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде 2012 жылы ең кең таралған және ең аз кездесетін есімдері белгілі болды

Елімізде 2012 жылы ең кең таралған және ең аз кездесетін есімдері белгілі болды

Бүгін ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов Қазақстан Республикасының 2012 жылғы қаңтар-желтоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындыларына арналған брифингте елімізде былтырғы жылы ең көп таралған есімдерді атады.

  • 16 Қаңтар 2013
  • 508
Фото - Caravan.kz

Оның берген мәліметтері бойынша, қыздардың арасында Айару, ұлдардың арасында Ерасыл есімдері топ бастап тұр.

Атап айтар болсақ, 2012 жылы 3685 қызға Айару есімі және 2567 ұлға Ерасыл есімі беріліпті. Ал Тұңғыш Президент күні 55 ұл балаға Нұрсұлтан деген ат қойылған. Сонымен қатар, Кәусар, Інжу, Айзере, Аружан, Айша, Әлихан, Нұрислам, Санжар сынды есімдер де көптеп қолданылған.

Сондай-ақ, Статистика агенттігі 2012 жылы дүниеге келген балалардың сирек кездесетін 20 есімді де жариялап отыр. Олар төмендегідей:

НАЗМИ КААН, БРИЛЛИАНТ, КЕРСТИН, МАССИМИЛЬЯНО, ЯХЯ, ШАДМАН-ШАТТЫҚ, ЖЕБЕ, ЗЕИН-МАРС, ХУРНИСА, ОКИЛАХОН, ТАИНА, ГАРТМУТ, РОЛАНЖАН, ПЕРНЕҚЫЗ, ЛИОНЕЛЛА, РИАНА-ЭЛИФ, ДИЛЬНОЗАЛИДИЯ, БОБЫРБЕК,
РУХ-, ШОХРУХХАН.