Елімізде 28-шілдеден бастап 10 мың теңгелік қағаз ақша айналымға енгізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 515.25
  • 535.91
-8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде 28-шілдеден бастап 10 мың теңгелік қағаз ақша айналымға енгізіледі

Елімізде 28-шілдеден бастап 10 мың теңгелік қағаз ақша айналымға енгізіледі

Қазақстан Ұлттық банкі 28-шілдеден бастап 10 мың теңгелік қағаз ақшаны айналымға енгізеді,- делінген Ұлттық банктің ресми хабарламасында.

  • 25 Шiлде 2003
  • 646
Фото - Caravan.kz

Хабарламада атап көрсетілгеніндей, 2003-жылғы жаңа үлгі бойынша шығарылған 10 мың теңгелік қағаз ақшаны барлық түрлі төлемдер үшін және банкте депозит ашу, есепшотқа ақша аудару, ел аумағында шектеусіз ақша жолдау мақсаттарында кеңінен қолданылып, барлық заңды және жеке тұлғалар міндетті түрде қабылдауға тиіс.

Көгілдір және көк түсті өңдер дендейтін қағаз ақшаның мөлшері 149х74 мм-ді құрайды. Ақшаның өң бетінде фәлсафашы, ғұлама ғалым Әл-Фарабидің бейнесі салынған. Ал бейненің оң жағында ақшаның номиналы жазылып, жарыққа қарсы қарағанда көрінетін қорғау мақсатындағы жіп тартылған. Портреттің сол жағында Әл-Фарабидің қырынан қарағандағы бейнесі мен тау барысының суреті бейнеленген су белгісі бар. Ал банкноттың сол жақ төменгі бөлігінде соқыр адамдарға арналған екі томпақ шеңбер салынған.
Банкноттың теріс бетіндегі негізгі сурет ретінде таудың фонындағы тау барысы бейнеленген. Оның оң жағында Қазақстанның аумағы мен туы кескінделген. Ал банкноттың номиналы қазақ және орыс тілдерінде өңі өзгермелі бояумен салынған.