Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тұрғындардың құқығын қорғау үшін жаңа талап енгізілетінін мәлімдеді. Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Агенттік кепілсіз кредиттің көбеюіне байланысты онлайн несие беруді 45 күнге 50 АЕК-ке, яғни 153 мың теңгеге дейін шектеуді жоспарлап отыр. Өйткені елде 50 АЕК дейін онлайн несие алып, қайтармай жүргендер 380 мыңға жеткен.