Елімізде 4-тамыз күнгі жағдаймен 1 млн. 14 мың тонна астық жиналды - ауылшаруашылығы министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде 4-тамыз күнгі жағдаймен 1 млн. 14 мың тонна астық жиналды - ауылшаруашылығы министрлігі

Елімізде 4-тамыз күнгі жағдаймен 1 млн. 14 мың тонна астық жиналды - ауылшаруашылығы министрлігі

Елімізде 4-тамыз күнгі жағдаймен 1 млн. 14 мың тонна астық жиналды. Бұл 2003-жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 210 мың тоннаға артық. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 4 Тамыз 2004
  • 473
Фото - Caravan.kz

Бір гектардан орташа шығымдылық 16,3 центнерді құрады, ал өткен жылғы тамыз айында бұл көрсеткіш 17,6 центнер болған. Қазіргі жағдаймен жалпы егістік алқаптарының 21,1 проценті, немесе, 638,8 мың гектар аумақтан түсім жиналды. 2003-жылғы осы мерзімде 457,9 мың гектар немесе жалпы аумақтың 16,1 проценті орылған болатын.

Ауылшаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша, қазіргі жағдаймен 622,4 мың гектардан астық бастырылды (жалпы аумақтың 20,5 проценті). Ал 2003-жылдың тамыз айында 457,0 мың гектардан астық бастырылған.
2004-жылы еліміз бойынша 3 млн. 34 мың гектарға дәнді дақылдар себілді.

Перейти к новостям спорта