Елімізде 5 жылдан кейін жұрт жаппай декларация тапсырады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде 5 жылдан кейін жұрт жаппай декларация тапсырады

Елімізде 5 жылдан кейін жұрт жаппай декларация тапсырады

Бүгін Мәжіліске қаржы министрі де келіп, елімізде бес жылдан кейін жұрт жаппай декларация тапсыратынын жеткізді. Соған қатысты заң жобасын таныстырды. Сөйтіп, мемлекетке кімнің қалай есеп беретінін түсіндірді.

  • 8 Қыркүйек 2015
  • 260
Фото - Caravan.kz

Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі:

— Жеке тұлғалар декларация тапсырғанда, ақшасын жеке шотына салып көрсету керек. Бірақ адамдардың барлығы қаржысын банкте ұстамайды. Сондықтан 3 миллион теңгені қолда ұстауға рұқсат етіліп отыр. Ал несие мен депозитке келсек, тек шетелдік банктердегі шоттар ғана есепке алынады.

Декларация тапсыру екі кезеңмен жүзеге аспақ. Үкімет алдымен сынақ ретінде мемлекеттік қызметкерлер және ұлттық компания қызметкерлерінің табысы мен мүлкін есепке алмақ.  Ол  2017 жылдан бастап жүзеге асады. Тек 2020 жылы жалпы халыққа  декларация тапсыру  міндеттеледі. Қазір елімізде тек депутаттар мен судьялар ғана мал-мүлкі туралы есеп береді. Қаржы министрінің айтуынша, бұл жүйе елімізге табыстың қайдан және  қанша көлемде  келіп жатқанын анықтауға мүмкіндік бермейді екен.  Сондықтан заңға өзгеріс енгізіп, әрбір кәмелеттік жасқа толған азамат, оралмандар мен Қазақстанда мүлкі бар шетелдіктерге  декларация  тапсыру міндеттелмек. Яғни, әркім қанша қаржысы, үйі, жері, көлігі барын көрсетуі керек. 

Соңғы жаңалықтар