Елімізде 9 айда сыбайлас жемқорлыққа қатысты 1,5 мың қылмыс әшкереленді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде 9 айда сыбайлас жемқорлыққа қатысты 1,5 мың қылмыс әшкереленді

Елімізде 9 айда сыбайлас жемқорлыққа қатысты 1,5 мың қылмыс әшкереленді

2003-жылдың 9 айында еліміздің барлық құқық қорғау мекемелері сыбайлас жемқорлыққа қатысты 1652 қылмыс әшкереледі, соның ішінде ішкі істер органдары 1125 қылмыстың бетін ашты. Бұл туралы бүгін, 12-қарашада Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ-нің сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі басқармасы бастығының орынбасары Қайрат Қайырбеков хабарлады.

  • 12 Қараша 2003
  • 450
Фото - Caravan.kz

ҚР бас прокуратурасының құқықтық статистика жөніндегі комитетінің баспасөз мәслихатында жария еткен мәліметтеріне сәйкес, 2003-жылдың 9 айында ішкі істер органдары сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстарға барғаны үшін 421 мемлекеттік қызметкерді қылмыстық жауапкершілікке тартты. Олардың арасынан 354 қылмыстық іс сотқа жолданды. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасады деген күдіктілердің арасында 2 судья, түрлі деңгейдегі 32 әкім, салық қызметінің 16 қызметкері, кедендік мекемелердің 14 қызметкері, әділет органдарының 14 қызметкері, қаржы полициясының 4 қызметкері, шекара қызметінің 3, қорғаныс министрлігінің қарулы күштерінде істейтін 12, сот үкімін орындатушы 17, өртке қарсы күрес қызметінің 10 қызметкері бар.

Сондай-ақ, ҚР ІІМ-нің мәліметіне сәйкес, үстіміздегі жылдың 9 айында экономика саласында 4509 қылмыс тіркелді.

Соңғы жаңалықтар