Елімізде Абай атындағы алғашқы ұлттық мектептің құрылысы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.94
  • 583.74
+11 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде Абай атындағы алғашқы ұлттық мектептің құрылысы басталды

Елімізде Абай атындағы алғашқы ұлттық мектептің құрылысы басталды

Жаңа мектептің білім беру жүйесі ұлы ойшыл Абайдың философиясына, оның ішінде «бес асыл іс» қағидаларына негізделген.

  • 4 Наурыз
  • 17
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Алматыда атақты Абай атындағы мектеп бар. 1957 жылы іргетасы қаланған бұл мектеп не көрмеді. Қазақ тілін тереңдетіп оқытатын бұл жерден кім түлеп ұшпады. Қазақ өркениетіне үлес қосқан, қосып жүрген арқардай азаматтардың көпшілігі білім алған Алтын Ұя бұл. Енді міне сол алтын ұя ұлттық деңгейге асқақтайтын уақыт келді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Храпунов әкім болып тұрған кезінде Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатының 6 га жерін тартып алып, 1,5 га жер теліміне орналастырған.

Осы мектепке енді 17 га жер беріліп, Абай атындағы алғашқы ұлттық мектептің құрылысы басталды. Алматыға барған оқу-ағарту министрі Бейсенбаев мектеп құрылысымен танысты.

Мектеп 900 оқушы орнына арналған және мұнда балаларға арналған интернат, оқытушылар үйі, кітапхана, спорт кешені қарастырылған. Ол биылғы жылы ашылады деп жоспарланып отыр.

Бұл бағытты жүзеге асыру үшін «ABAY-Programme» атты кешенді білім беру бағдарламасы әзірленіп жатыр. Ол көптілділікке, зияткерлік дамуға және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген тұлғаны қалыптастыруға бағытталған.

Жаңа білім беру ұйымының концепциясы Абай философиясына, оның ішінде «бес асыл іс» идеясына негізделген.

«Бізге өзіміздің ұлттық менталитетке негізделген мектеп бағдарламамызды түзетін уақыт келді. Жапондар сияқты. Абай атындағы ұлттық мектеп соның бастамасы болсын деп тілейік», — деп пікір білдірді блогер Оңғар Қабден.